Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин айтты.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, - деді Мамин Үкімет отырысында.
Ол эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат берілетінін айтты.
Мұндай жұмыс елдің басқа өңірлерінде де жүргізіледі. Дегенмен бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Елжан Амантайұлы (ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - тілші), мәселені қатаң бақылауда ұстаңыз, - деді премьер-министр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында елдегі коронавирус инфекциясы туралы мәлімет берді.