Бас жаңалықтар
Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
PHOTO
20 Ақпан 2020, 13:04 479

Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин биыл елорда күніне орай пайдалануға беру көзделген Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл атлетика спорт кешені мен Қазақ драма театрының құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. 

Жеңіл атлетика спорт кешені халықаралық деңгейдегі ҚР-ның спорт инфрақұрылымының басты нысандарының біріне айналады.

murz5845-re.jpg

Нысан Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында 9 га аумақтағы учаскеде салынып жатыр. Кешен 14 жүгіру жолы, ұзындыққа және сырықпен секіруге арналған секторлары бар атлетикалық ядро алаңынан, жолдарының ұзындығы 25 м, ені 11 м бассейннен, екі кіріктірілген жүгіру жолы бар көтергіш платформамен жабдықталған 5х5 м өлшемді бассейннен, 36 орынға шақталған спортшыларға арналған қонақ үйден, атлетикалық залдан, ұзындығы 160 м жүгіру жолы бар жаттығу трегінен, ядро лақтыру, биіктік пен ұзындыққа секіру секторларынан тұрады. Мінбелер 6838 орынға есептелген.

murz6028-re.jpg

Қазақ драма театрының құрылысы А. Байтұрсынов, Ж. Нәжімеденов, Қ. Аманжолов және Сарыкөл көшелерінің арасындағы 6 га аумақтағы учаскеде жүріп жатыр. Ғимаратта 600 орындық үлкен зал, 200 орындық камералы зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы, гример бөлмесі және басқа да әкімшілік, техникалық, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер бар. 

murz6009-re.jpg

Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды. 

05-15.jpg

Нысандарды аралауға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Рамазанов және басқалары қатысты. 


Фото: дереккөз
Загрузка...