Макгрегор Францияда қамауға алынды

13 Қыркүйек 2020, 04:45
4758
Бөлісу:
Макгрегор Францияда қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Францияда қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жергілікті прокуратураның мәлімдемесіне сенсек, 10 қыркүйек күні сексуалды зорлық-зомбылық көрсетті деп танымал спортшының үстіне шағым түскен. 

Жерорта теңізінің жағалауында сүйіктісі Ди Девлинмен демалысын өткізіп жатқан спортшыны жандармерия қамауға алып, тергеуден соң босатқан. 



Өзгелердің жаңалығы