Бас жаңалықтар
Мағауов дизель отыны қорының азаюына не әсер еткенін айтты
12 Қазан 2021, 14:45 504

Мағауов дизель отыны қорының азаюына не әсер еткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Дизель отынына қатысты мәселе әлі де өзекті болып отыр. 2021 жылы өндіріс көлемі барынша жүзеге асырылады. Ол - 4,9 млн тонна. Биыл дизель отынының көлеміне Атырау МӨЗ өндірісіндегі жоспардан тыс тоқтау әсер етті. Сол себепті дизель отыны 239 мың тоннаға аз шығарылды. Биылғы тамыз-қыркүйекте дизель отынын қолдану 520 мың тонна болды. Бұл бағаның төмен болуына қатысты болып отыр, - деді ол.

Мағауов айтқандай, бағаның төмен болуы тамыздан бастап бұл өнімнің қорына әсер ете бастаған.

Тамыздың басында 250 мың дизель отыны болса, қыркүйек соңында ол 200 мың болды. Жаз айларында импорт бағаның ерекшелігі үшін кірмеді. Ол тек 26 мың тоннаны құрады. 9 айдағы орташа баға литріне 188 теңгені болса, соңғы уақытта 208 теңгеден 330 теңгеге жетті, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...