Бас жаңалықтар
Мағзұм Мырзағалиев қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтты
23 Шілде 2019, 16:46 210

Мағзұм Мырзағалиев қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьер оғынан қаза тапқан инспектордың туған-туыстарына көңіл айтты.

«Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде Охотзоопром инспекторы Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалған болатын.  

Қаза тапқан қорықшының артында төрт баласы қалды.



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық