Маңғыстау облысында діни нысандар 25 мамырда ашылады

18 Мамыр 2020, 08:23
1399
Бөлісу:
Маңғыстау облысында діни нысандар 25 мамырда ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 мамырдан бастап Маңғыстау облысындағы мешіт және шіркеулер ашылады деп күтілуде. Діни нысандарда арнайы санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс, деп хабарлайды "Хабар 24".

Шалғай өңірлерде вирустық инфекцияның таралуы әлі де болса бәсеңдемей тұр. Сондықтан карантин режимі тағы бір апта өз күшінде болады. Келесі дүйсенбіге дейін мешіттерде намаз оқылмайды. Құлшылық ету орындары қасиетті Рамазанда келетін Қадір түнінде де жабық болады. Осыған байланысты имамдар үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілерде жүргізіп, уағыз айтады.
Aймақтағы карантинге байланысты мешіттер мен шіркеулерді ашуға әлі ерте екенін хабарлаймыз. Вирустың көпшілік арасында таралуын тоқтату үшін діни орындар әзірге жабық болады. 25 мамырға дейін облыс аумағындағы барлық мешітте Ораза айт намазы, жұма намазы мен тарауих намазы оқылмайды. Оған дейін жамағатты үйде отырып құлшылық етуге шақырамыз, - деп мәлім етті облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов.

Өзгелердің жаңалығы