Мұхтар Құл-Мұхаммед #ABAI175 эстафетасын шетелдегі достарына жолдады

19 Шілде 2019, 16:20
2268
Бөлісу:
Мұхтар Құл-Мұхаммед #ABAI175 эстафетасын шетелдегі достарына жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед жалғастырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

 

«Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім. Ол кісі қабыл алып, эстафетаға өзінің үнін қосыпты. Мұхтар Абрарұлы мырза Ұлы ақынның «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңін оқып, «мен» мен «менікінің» мәнін жеткізіпті», - деп жазады Берік Уәли.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Абайды тану дәстүрін достары Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған М.Е.Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі Елшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар Мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлыға, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның Мәдениет министрі болған Нэнси Бакир xанымдарға жолдады.

Өзгелердің жаңалығы