Мұхамедиұлы: Гауһар Әлімбекова – алаяқтың құрбаны

5 Ақпан 2019, 14:29
2606
Бөлісу:
Мұхамедиұлы: Гауһар Әлімбекова – алаяқтың құрбаны

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында сотталған танымал әнші Гауһар Әлімбекованың кінәсіз екеніне сенетінін мәлім етті.

«Гауһар Әлімбекованың адвокатымен сөйлестік. Оның алаяқтың құрбаны болғанына сенемін», - деді ол Үкімет отырысынан соң.

Осы орайда Арыстанбек Мұхамедиұлы әншінің бостандыққа шығуы үшін 40 мың долларды жинауға көмектескенін атап өтті.

«Алдымен 40 мың долларды төлеу керек болды. Қазақстан әртістері бірігіп, осы соманы жинайық деп үндеу жасады. Әрине, мен де оған қатыстым. Осы соманы төлегеннен кейін жәбірленуші арызын қайтарып алады», - деді министр.

Айта кетейік, кеше, 4 ақпанда әнші сот үкімі күшіне енгенге дейін қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда Гауһар Әлімбекова үйқамақта болады. 

Осы жылдың 30 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты әншіні алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырған.

Өзгелердің жаңалығы