Ұлыбританияда тиын толы ірі қазына табылды

27 Тамыз 2019, 10:21
2469
Бөлісу:
Ұлыбританияда тиын толы ірі қазына табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табылған қазынаның құны 6,2 млн долларға бағаланып отыр, деп хабарлады The Sun газеті.

Құны 5 млн еуро тұратын XI ғасырдың монеталары бар қазына Англияның оңтүстік-батысында Сомерсет графтығындағы фермалардың бірінде табылды. Әрқайсысы 1 мыңнан 5 мың фунтқа дейінгі көлемде бағаланатын монеталардың сапасы еш бұзылмаған.

Басылымның ақпаратынша, соңғы англосаксон королі II Годвинсон (1022-1066) кезінде шығарылған 2 571 пенниді металл іздегіштердің көмегімен отбасылық жұп тапқан. Сарапшылардың пайымдауынша, табылған қазына аухатты адамға тиесілі болған.

"Өз заманы үшін бұл айтарлықтай үлкен ақша. Қомақты қазына король болмаса да, жоғары лауазымды шенеунікке тиесілі болуы мүмкін. Иесі қайтыс болып, сондықтан қазына сол күйі қалып қойған", - деп атап өтті нумизматика маманы Найджел Миллс.

Монеталардың құны 2009 жылы табылған атақты Стаффордшир қазынасына қарағанда 1 млн еуроға жоғары. Сарапшылар қазына шамамен 1066 және 1072 жылдар аралығында көмілген деген жорамал айтуда. 

Ерлі-зайыптылар тапқан қазына туралы полицияға хабарлаған. Монеталар бағалау үшін Британ мұражайына тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы