Әлия Назарбаеваның қоры 233 оттегі концентратын өңірлерге таратады 

11 Тамыз 2020, 16:50
1486
Бөлісу:
Әлия Назарбаеваның қоры 233 оттегі концентратын өңірлерге таратады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда елдің кейбір аймағында COVID-19 таралу жағдайы ушығып тұр. Сондықтан Әлия Назарбаеваның қорының бастамасымен 233 оттегі концентраторы сатып алынды. 

Медициналық жабдықтары бар Қытай Халық Республикасының шекарасынан өтті. Енді бұл жүк алушылардың мекенжайларына жіберіледі.

Емдеу үшін өмірлік маңызы бар аппараттар Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар 17 ауруханаға жіберіледі. Қор логистика бойынша мониторинг жүргізеді және 17 аурухананың әрқайсысымен оттегі концентраттарын уақтылы және қауіпсіз жеткізу бойынша тығыз жұмыс жүргізеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тыныс алу аппараттарына мұқтаж медициналық мекемелердің тізімін ұсынды.

Оттегі концентраторы өкпе ауруларын емдеуде сығылған оттегіге қауіпсіз балама ретінде қолданылады. Аппарат оны пациентке жоғары концентрацияда - 90-95% мөлшерде береді. Айта кету керек, ауада оттегінің мөлшері шамамен 20% құрайды.
Біздің гуманитарлық көмек дәрігерлерге коронавируспен күресте көмектеседі деп шын жүректен үміттенемін және дұға етемін, сондай-ақ Қытайдан Қазақстанға өмірлік маңызды аппараттарды тасымалдауға қатысқан барлық адамға алғыс білдіргім келеді, - деп жазды instagram-дағы парақшасында Әлия Нұрсұлтанқызы.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы кезінде Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның қоры халыққа азық-түлік себеттері, дәрі-дәрмектер, киім-кешек сертификаттары, сондай-ақ балаларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алу тәрізді қайырымдылық көмек көрсеткен болатын.


Өзгелердің жаңалығы