Левитпен әлем чемпионатында болған оқиғаға қатысты бапкерлерге сөгіс жарияланды

4 Қазан 2019, 11:55
1828
Бөлісу:
Левитпен әлем чемпионатында болған оқиғаға қатысты бапкерлерге сөгіс жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Левитпен әлем чемпионатында болған оқиғаға қатысты бапкерлер штабына сөгіс жарияланды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады. 

"Ғалым Кенжебаев бастаған бокстан Қазақстан құрама командасының бапкерлер құрамына сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада. 

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер штабы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатының қортыныдысын сараптай келе осындай шешім шығарды. 

Нақты алғанда жартылай финалда Василий Левит өнер көрсеткеннен кейін, қазақстандық боксшының көмекшілері жекпе-жек қорытындысына шағымдана алатын және шағымдануға міндетті де еді. Ереже бойынша, бапкер төрешілерге жекпе-жектен кейін 60 секунд ішінде сары қағаз ұсыну қажет. Алайда көмекшілер бұл мүмкіндікті бірден пайдаланбаған, ал рингке келгенде уақыт өтіп кеткен. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚБФ әлем чемпионатындағы төрешілікке қатысты түсінік беруді сұраған еді.

Өзгелердің жаңалығы