Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Левитпен әлем чемпионатында болған оқиғаға қатысты бапкерлер штабына сөгіс жарияланды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
"Ғалым Кенжебаев бастаған бокстан Қазақстан құрама командасының бапкерлер құрамына сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.
Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер штабы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатының қортыныдысын сараптай келе осындай шешім шығарды.
Нақты алғанда жартылай финалда Василий Левит өнер көрсеткеннен кейін, қазақстандық боксшының көмекшілері жекпе-жек қорытындысына шағымдана алатын және шағымдануға міндетті де еді. Ереже бойынша, бапкер төрешілерге жекпе-жектен кейін 60 секунд ішінде сары қағаз ұсыну қажет. Алайда көмекшілер бұл мүмкіндікті бірден пайдаланбаған, ал рингке келгенде уақыт өтіп кеткен.