Әлемдегі басты қару экспорттаушылар аталды

11 Наурыз 2019, 11:29
1616
Бөлісу:
Әлемдегі басты қару экспорттаушылар аталды

Алматы, BAQ.KZ. Стокгольмдік әлемдегі проблемаларды зерттейтін халықаралық институт (SIPRI) жыл сайынғы баяндамасын жариялады, онда ең ірі қару жеткізушілер аталды.

Құжаттағы мәліметтер бойынша, әлемдегі ең ірі қару экспортташулылар АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Германия. Олар дүниежүзілік жалпы экспорт көлемінің 75%-ын иеленіп отыр, оның үстіне алғашқы екі елдің үлесі – 57%.

Мәселен, 2014-2018 жылдар аралығында Ресей 48 елге қару жеткізген, негізінен Үндістан, Қытай және Алжирге.

Сонымен қатар, құжатта дүниежүзілік қару экспортының көлемі 7,8% артқандығы да айтылған. Сондай-ақ, Таяу Шығыс елдерінде қаруды импорттау көлемі ұлғайған, олардың қатарында Сауд Арабиясы, Израиль, Катар және Ирак бар.


Өзгелердің жаңалығы