Латын графикасын ересектерге үйретудің әдістемесі қандай?

28 Қаңтар 2021, 18:35
2561
Бөлісу:
Латын графикасын ересектерге үйретудің әдістемесі қандай?

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі.  2025 жылға дейін елімізде латын графикасына ауысу үдерісі жүретіні мәлім. Көптің көкейінде жүрген латын әлпиінің қазіргі әріптерден айырмашылығы қандай?! Бұқара халық нені білуі керек? Филология  ғылымдарының  кандидаты Ербол Тілешов сұрақтарға  жауап берді.                

- Мектеп оқушылары мен жасөспірімдер мектеп қабырғасында үйренер, ал ересек адамдардың жағдайы қалай болмақ?! 

- Ересектер үшін де жаңа бағдарлама жасаймыз. Ол мамандығына, саласына байланысты жан-жақты таратылып, түсіндіріледі. Қазіргі таңда бес оқулық дайын, тек ресми бекітілуін күтіп отырмыз. Бұл жоба мәдениет және спорт министрлігінің талабы бойынша іске асырылады. Оқу үдерісі облыстық шағын орталықтарында жүзеге асады. Олардың саны облыс пен аудандарды қосқанда 99 мекемені құрап отыр. Мекемелердің жеке әдістемелері бар және өте тәжірбиелі. Бұған дейін 1990-1999 жылдардан бері жергілікті халықты қазақ тілі және басқа тілдерге де үйретіп келеді. 

- Әліпби ауыстыруда, оны үйренуден бөлек қандай да бір мәселе болуы мүмкін бе?

- Егер салыстырып қарайтын болсақ,  тіл үйренгеннен қарағанда алфабитті меңгерген оңайға соғады. Өйткені орфографиялық жазу жеңілдеу келеді. Алфабитті тілді білетін халық үйренеді. Сондықтан жергілікті  халық  үшін проблема тудырмайды деп ойлаймын. Мысал қарастырып көрелік, 7-8 жасар кішкентай бала мектепте  барғанда екі-ақ айдың ішінде 42 әріпті меңгеріп шығады. Ал жаңа алфабитте 31 әріп деп есептесек, онда қарт кісілер де әріптердің бәрін жатқа білетіні сөзсіз. Қазақстандағы егде жасқа келген кез келген азаматты алып қарасақ та 9-10 сыныптық білімі бар. Біздің кезімізде сегізінші сыныпқа дейін Менделлевтің кестесіндегі  130 элементті  жаттатқызды. Ондағы тыныс белігілері де латын графикасында таңбаланған. Біздің заманымыз ақпарат кезеңі яғни тыныс белгілерлен тұратын әлем. Далаға шығып жан-жағымызға қарайласақ, не көлікті, Mercedes, Audi секілді  немесе фирманы Nike, көше жолақтарындағы таңбаларды да  кездестіреміз. Бұл белгілер де латын графикасының жүйесімен құрастырылған. Сондықтан Қазақстандықтар үшін ауыртпалық әкелмейді деп білемін. 

- Өзбекстан мен Түрікменстан латынға ауысуға талпынып, қиындыққа тап болған еді?

- Олар бұл өзгеріске 90-жылдардың басында әрекет жасады. Қазіргімен салыстырып қарасақ, ол кезеңде қазіргідей жаһандану бәсең еді. Сол себепті 2021 жыл деп есептесек латын графикасы санамызда қалыптасып кетті десек те болады.

- Жаңа алфабиттің кирилицадан айырмашылығы қандай?!

- Бірінші айырмашылғы — көпке белгілі кирилл алфабитінде 42 әріп болды. Ал жаңа ғаріпімізде 31. Сәйкесінше керек емес әріптер мен таңбалар алынып тасталды. Онымен бірге ережесі де жойылып кетеді. Енді біз я, ю, щ дейтін әріптерді мүлдем оқытпаймыз. Өйткені біздің алфабитімізде болмайды. Екінші айырыма, ол орфографияда. Кеңес кезеңінде кирилица әріптерін орыс тілінің орфографиясымен оқыдық. Олардан енген жүйемен оқып, тілімізге аз-кем өзгерістер де келді. Ол енді өткен шақ. Бәлкім орыс тілі бай, әрі танымал тіл шығар, бірақ оның тілдік жүйесі мүлдем бөлек. Екі тілдің түсінігі де, ережесі де  жер мен көктей екі әлем десек болады. Ал Кеңес кезеңінде осы екі әлемнің жүйесін қосқысы келді. Бірақ қазақ тілі мұны қабылдаманғанмен жазбаша нұсқамызда бекітліп  қалғандай болды. Осыған орай біз ереже шығарамыз. Ол табиғи қазақ тілінің негізде дыбысталатын болады. Бұл басты айырмашылығы.

Олжас Адай

Өзгелердің жаңалығы