Қазақстанда 5 түрлі вакцина жасалып жатыр

14 Тамыз 2020, 10:50
2189
Бөлісу:
Қазақстанда 5 түрлі вакцина жасалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ғалымдар елде жасалған коронавирусқа қарсы вакцинаны өз ағзаларында сынап көрді. Вакцинаны алғашқы болып қабылдаған жеті ғалымның жағдайы жақсы. 

Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтының зертхана басшысы Лесбек Күтүмбетов "КазАқпарат" ХАА-не берген сұхбатында айтты.

Ғалымның айтуынша, бүгінде Қазақстанда бес түрлі вакцина дайындалып жатыр. Олардың алғашқысы, яғни дәстүрлі жолмен жасалған инактивті түрі қыркүйекте клиникалық сынамадан өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, ғалым екпе алған өзі және алты әріптесінің жағдайы қалыпты екенін және күнделікті тескеруден өтіп жатқандарын атап өтті. 

Вакцинаны еккенімізге екі аптадай уақыт өтті. Жағдайымыз жақсы. Дене қызуымыз көтеріліп, аллергиялық реакциялар орын алған жоқ. Күнделікті қан құрамынан иммунитет қалыптасқандығын анықтайтын талдау жасалып жатыр. Гематологиялық көрсеткіштер бойынша қан құрамында антидене қалыптасып келе жатқандығын байқауға болады. Алғашқы сынама қорытындысы бойынша, вакцина қауіпсіз деп айта аламын, - дейді ғалым.

 Лесбек Күтүмбековтың айтуынша, вакцина еккен соң қан құрамында антидене қалыптасқан адамдар екінші мәрте коронавируспен ауырмауы тиіс. Мұны ол бұған дейін өндірілген өзге вакциналар тәжірибесіне сүйеніп айтты.

Өзгелердің жаңалығы