Қызылордада ірі есірткі алқабы анықталды

14 Қыркүйек 2021, 05:21
7070
Бөлісу:
Қызылордада ірі есірткі алқабы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында үш ер адам 2,5 мыңға жуық қарасора өсіргені анықталды.

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Арал ауданының Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым жерде ірі көлемде есірткі егілген аумақты анықтады.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 2479 қарасора бұталарын өсірген үш күдікті оқиға орнында ұсталған.

ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Өзгелердің жаңалығы