Қызылорда облысында газ жарылып, төрт адам қайтыс болды

15 Наурыз 2021, 18:52
1987
Бөлісу:
Қызылорда облысында газ жарылып, төрт адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады.

Жерлестер! Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 шаршы метр жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды. Олар С. Өміртаева (2001ж.), Р. Айтмаханова (1981ж.), Н. Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999ж.). Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 жылы туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған, - деп жазды әкім Facebook-тегі парақшасында.

Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер, 1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

Қызылорда облысының әкімі Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтты.

Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!, - деп көңіл айтты ол.

Еске салсақ, Жаңатаста көп қабатты үйдегі өрттен бүтін бір отбасының бес бала қаза тапқан болатын. Сонымен қатар осыған ұқсас оқыс оқиғаға 27 ақпанда Түркістанда болды. Ол жақта да 5 адам газдан уланып, қайтыс болған еді.


Өзгелердің жаңалығы