Қытайға Ресей мен Аргентинадан жеткізілген құс етінің қаптамасынан COVID-19 анықталды

22 Қараша 2020, 21:02
1351
Бөлісу:
Қытайға Ресей мен Аргентинадан жеткізілген құс етінің қаптамасынан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайға Ресей мен Аргентинадан жеткізілген құс еті өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы ВАК хабарлады.

Қытайдың Дунгуань қаласында жергілікті Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының мамандары Ресей мен Аргентинадан әкелінген мұздатылған тамақ өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан коронавирустық инфекцияны анықтаған. Импортталған өнімдерді тексере келе, атап айтқанда Ресейден әкелінген тауық аяқтары мен Аргентинада өндірілген тауық қанаттарының сыртқы қаптамаларынан мамандар коронавирустық инфекцияны тапқан - делінген хабарламада.

COVID-19 анықталғаннан кейін жергілікті билік өкілдері өнімдерді қайта мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап және өнімдердің қаптамалармен тікелей байланыста болған адамдарды тексеруден өткізген. Барлық сынақтар теріс нәтиже көрсеткені мәлім болды.

Өзгелердің жаңалығы