Қытайдағы зауытта алты адам улы газдан тұншықты

12 Қыркүйек 2021, 14:13
1855
Бөлісу:
Қытайдағы зауытта алты адам улы газдан тұншықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызметкерлер бассейндегі су сорғысын тексеру кезінде жұмысшылар есінен танып қалды. Оларды құтқару мүмкін болмаған.

Қытайдың солтүстігінде Хэбэй провинциясының Баодин қаласындағы зауыттардың бірінде алты адам асфиксиядан қайтыс болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі 12 қыркүйекте жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Апат сенбі күні түнгі сағат 3-те, Сюйшуй ауданы, Дасиньчжуан ауылындағы күртешелер шығаратын зауытта бассейніндегі су сорғысын тексеру кезінде болған. Жұмысшы есінен танып қалған. Оны құтқаруға тырысқан бірнеше қызметкер де есінен танып қалды.

Шұғыл көмек көрсетудің барлық әрекетіне қарамастан, алты қызметкер қайтыс болды, тағы бір адам құтқарылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ТЖ себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы