Бас жаңалықтар
Қытайда жер астында қамалып қалған 22 кеншінің біреуі құтқарылды
24 Қаңтар 2021, 14:40 207

Қытайда жер астында қамалып қалған 22 кеншінің біреуі құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда жер астында 2 апта қамалып қалған 22 кеншінің алғашқысы құтқарылды, деп жазды «Хабар 24». 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құтқарылған кенші әзірге өзін өте әлсіз сезінеді. Алтын кеніндегі жарылыс 10 қаңтарда болып, шығар есігі жабылып, 22 жұмысшы қамалып қалған еді. 

Құтқарушылар оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберуде. Биліктің мәлімдеуінше, құтқару жұмысына әлі бірнеше апта кетуі мүмкін.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...