Бас жаңалықтар
Қытай тарапы қазақстандық жүк пойызының қаншасын қабылдамай тұр?
26 Шілде 2021, 13:33 256

Қытай тарапы қазақстандық жүк пойызының қаншасын қабылдамай тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да контейнерлік транзиттік тасымалдарды дамыту туралы өткен брифингте «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов айтты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пандемияға байланысты Қытай тарапы өткен жылдың қараша айында вагондардағы азық-түлікті қабылдауды тоқтатты.

Оны ондай вагондардың ішінде вирустың қалдықтары қалуы мүмкін екенімен түсіндірді. Ақпан айында олар жүкті қабылдауды бастады. Қазір шекарада вагонда тұрған азық-түлік жүгі жоқ. Алайда Қытай үкіметі мен теміржолшылары жабық вагонда азық-түлік жіберуге тыйым салды. Қытай тарапына қазір «биг-бэгпен» жүкті тапсырып жатыр. Оны қабылдаған себебі - адами фактордың болмауы. Қалған жүктер бойынша ешқандай мәселе жоқ, - деді Әлмағамбетов.

Оның айтуынша, жалпы экспорт пен транзиттік жүк бойынша мәселе бар.

Себебі Қытай тарапы эпидемиологиялық шараларды қатаң ұстанады. Қызметкерлер әр үш күн сайын ПТР-сынама тапсырады. Вакцинациясыз қызметкерлер шекараларда мүлдем жұмыс істемейді. СЭС-тің тексеруінсіз бірде-бір жүк ашылмайды. Бүгінгі таңда «Достық» бағытында 72 пайыз, «Алтынкөл» бағытында 25 пойыз тұр. Контейнерлік пойыз жоқ, ол мамыр-маусым айларында жіберілген астық пен жер қойнауы материалдары болып отыр. 3500-4000 вагон «Достық» бағатында, «Алтынкөл» бағытында 1500 вагон тұр, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...