Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: бір адам қаза тапты

29 Сәуір 2021, 18:40
2100
Бөлісу:
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қыза түсуде. Баткен облысындағы Көк-Таш ауылында бірнеше үй өртеніп жатыр. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі 11 адам зардап шеккені туралы хабарлады.

24.kg-ның мәліметінше, жергілікті тұрғындар тәжік ауылдарының тұрғындары қырғызстандықтардың үйлерін өртеп жібергеннін айтқан.

Көк-Таш және Ақсай ауылдарынан адамдар эвакуацияланған. Көрші елдің тұрғындары қырғыз үйлерін өртей бастады, - деді жергілікті тұрғындар.

Таңертең Баткен облысының үш айлы аймағында ТЖ режимі енгізілді. Көк-Таш және Ақсай ауылдарының 400 тұрғыны эвакуацияланды. Олар төрт мектепке орналастырылған. Жергілікті билік оларды тамақпен қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша,қақтығыс салдарынан 17 адам зардап шеккен. Ош қаласынан 5 маманнан тұратын бригада шықты. Сондай-ақ Бішкектен Денсаулық сақтау министрінің орынбасары бастаған 9 маман ұшуға дайындалуда.

Сонымен бірге Қырғызстан ТЖМ Тәжікстанмен шекарада атыс кезінде 15 адам зардап шеккенін мәлімдейді.

Сонымен қатар, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шекарадағы жағдайға байланысты Үкімет мүшелерімен шұғыл кеңес өткізді.

Жедел кеңес қорытындысы бойынша қалыптасқан жағдайды реттеу және зерделеу үшін бірінші вице-премьер-министр Артем Новиков бастаған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, - делінген Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 



Өзгелердің жаңалығы