КВИ салдарынан 25 науқасты ажал құшты

13 Мамыр 2021, 09:38
1188
Бөлісу:
КВИ салдарынан 25 науқасты ажал құшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 13 мамырдағы ақпаратты таратты.

13 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 626 адам коронавирус инфекциясынан (39 143 КВИ+ және 483 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 124 пациент стационарда, 25 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 788 адамның жағдайы ауыр,
• 183 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

КВИ салдарынан 25 науқасты ажал құшты

Бұдан бөлек министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.

2021 жылғы 11 мамырдағы мәлімет бойынша 173 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 70 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 53 757, өлім жағдайлары - 847, барлығы 52 427 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы