Криштиану Роналду қырғызстандық сырқат қызға барды

17 Қаңтар 2019, 08:56
3572
Бөлісу:
Криштиану Роналду қырғызстандық сырқат қызға барды

Астана, BAQ.KZ. «Ювентус» футболшысы Криштиану Роналду және оның жұбайы Джоржина Родригес, сонымен қатар португалиялықтың клубта бірге ойнайтын әріптестері Паоло Дибала мен Хуан Куадрадо Италияның Турин қаласындағы онкологиялық орталықта ем қабылдап жатқан қырғызстандық сырқат қыздың халін сұрап барды.

Бұл туралы Бішкектегі Ұлттық онкология орталығы балалар бөлімінің дәрігері Дамира Байзақова Facebook парақшасында жазды.

«Бұл кішкентай қыз Қырғызстаннан. Өкінішке қарай, оған сүйек саркомасы диагнозы қойылған. Емдеудің ең қиын кезеңдері артта қалды. Ол химиятерапия алды, содан соң әрі қарай ем қабылдау және ота (протез жасату) үшін Түринге кеткен болатын. Аллаға шүкір, отасы сәтті аяқталды», - деп жазды дәрігер.

Криштиану Роналду қырғызстандық сырқат қызға барды

Фото: Дамира Байзақова Facebook парақшасынан

Туриндегі дәл осы ауруханада Қырғызстаннан келген тағы бір бала Нұрпазыл да жатыр. Оған туриндік полицейлер келіп, көп сыйлық беріп кетті.

Криштиану Роналду қырғызстандық сырқат қызға барды

Фото: Дамира Байзақова Facebook парақшасынан

Өзгелердің жаңалығы