Шымкентте 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

19 Маусым 2020, 22:36
1587
Бөлісу:
Шымкентте 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев құрылысы аяқталған "New City" және "Асар city" тұрғын үй кешеніне арнайы барды. 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Made in Shymkent отандық өнімдерімен жабдықталған пәтерлердің сапасын тексерді. Пәтерлер әкімдік тарапынан құрылған арнайы комиссияның тексеру нәтижесінен соң пайдалануға берілетін болады.  

WhatsApp Image 2020-06-19 at 19.35.44.jpeg

Қала күніне орай Шымкент қаласында жалпы 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығында 8 үй, Шымкент сити шағын ауданында 16 үй, Тұран шағын ауданында 14 үй, Асар-2 шағын ауданында 10 үй. Тұрғын үйлер 5, 9, 12 және 16 қабатты, 1, 2 және 3 бөлмелі. Пәтер саны 2592, ауданы 156 мың шаршы метрді құрайды, - делінген хабарламада.

WhatsApp Image 2020-06-19 at 19.35.42.jpeg

Үйлер бірінші кезекте Тұрғын үй жинақ банкі арқылы Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Пәтердің 1 шаршы метр құны -  180 мың теңге. 

WhatsApp Image 2020-06-19 at 19.35.43 (2).jpeg

"Shymkent" ӘКК" АҚ тарапынан 24 тұрғын үй салынды. Аталған үйлер "7-20-25" бағдарламасы арқылы беріледі. 



Өзгелердің жаңалығы