Бас жаңалықтар
Қостанайлық полицей сыныптасын неге атып тастағаны белгілі болды
08 Наурыз 2021, 22:25 13797

Қостанайлық полицей сыныптасын неге атып тастағаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов 8 наурызға қараған түні Қостанай полициясының қызметкері жасаған қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Жанжалдасқан екеу сыныптас екені анықталды.

Облыс полициясының бастығы қарсыласын тіркелген қарумен атып тастаған қызметкердің департамент құрылымында басшылық қызмет атқармағанын, қарапайым бағдарламашы болғанын атап өтті. Ол қақтығысқа не себеп болғанын айтты.

Екі сыныптастың арасында жанжал шыққан. Ол оннан астам адам тіркелген чатта жалғасқан. Бағдарламашыға сыныптасы қоқан-лоқы жасаған, - деп жазды Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, полицейдің сыныптасы оған қарулы адамдар жібергенін айтып, өлтіремін деп қорқытқан. Ондай хабарламаны бірнеше рет жазған.

Бұрын сотталған сыныптас ішімдік ішіп, 8 наурызда түнгі сағат үш шамасында танысымен бірге полицейдің үйіне келген. Ол оған тағы да қоқан-лоқы жасаған. Өзінің атына тіркелген қаруды алып шыққан полицей оқ атқан, жәбірленуші көз жұмды, - деді Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы.

Аймағамбетов қазіргі уақытта полиция қызметкері қамауға алынғанын жазды.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуден бөлек, ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Іс ерекше бақылауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 8 наурызға қараған түні Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде ер адам ерегіскен қарсыласын атып өлтіргені хабарланған болатын.

Кейін күдіктінің құқық қорғау органының қызметкері екені белгілі болды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...