Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

8 Наурыз 2021, 16:33
2634
Бөлісу:
Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда ер адамды өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кісі өлтіру бүгін түнгі сағат 03:00 шамасында Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесінде болған.

Қостанай облысының полиция департаменті қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі («Кісі өлтіру») бойынша 37 жастағы екі ер адамның арасындағы жанжал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жанжалдасқанның бірі тіркелген мылтықпен екіншісіне оқ атқан. Ер адам алған жарақаттан қайтыс болды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалына жауап ретінде полиция бөлімінің баспасөз қызметі күдіктінің полиция қызметкері екенін растады.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ПД ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тергеу бастады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы