Коронавирус: Алматыда екі адамның жағдайы ауыр

2 Сәуір 2020, 12:08
1625
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда екі адамның жағдайы ауыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелген. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті қоса алғанда, 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағадай  бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылып, оқшаулауға орналастырылғанын жеткізді. 
Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды, - деді басқарма басшысы. 

Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның 50-і бала екен. Үй карантинінде 3853 азамат бар.

Осы уақытта еліміз бойынша коронавиурс жұқтырғандар саны 402 адам, оның ішінде Алматы қаласында 90 науқас тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы