Бас жаңалықтар
Коронавирустың төртінші толқынын жеңуге вакцина көмектеседі – Бекшин
29 Шілде 2021, 16:39 755

Коронавирустың төртінші толқынын жеңуге вакцина көмектеседі – Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе жасату қажет. Әсіресе, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану әлдеқайда жоғары болған кезде - күзгі-қысқы маусымға дайындық кезінде өте маңызды.

Себебі қолда бар вакциналар агрессивті «дельта» штамына қарсы тұруға тиімді көрінеді.

Бекшин қаланың алдыңғы індеттің үш толқынынан қалай аман қалғанын еске салды.

2020 жылдың наурыз айында алғашқы толқын эпидемия «Ухань» нұсқасына байланысты коронавирустың алғашқы 82 жағдайын тіркеуден басталған. Өткен жылдың шілдесінде 6 372 жағдайды тіркеумен және қыркүйекте 165 жағдайға дейін төмендеді.

Эпидемияның екінші, шағын толқыны 2020 жылдың қазан айында басталды, 366 жағдай тіркелді. 2021 жылдың қаңтарында ең жоғары деңгейге жетті. Ол 3607 жағдайды құрады. Төменгі көрсеткіш ақпан айында тіркелді және 2 945 ол жағдайға тең болды, - дейді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар ол 15 маусымнан бастап «үнді» штамына байланысты індеттің төртінші толқыны басталғанын алға тартты. Бұл толқын даму шыңына әлі жеткен жоқ. Бірақ Алматы эпидемиологтарының болжамы бойынша 3-4 тамызға тура келеді деп отыр.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 4 148 адам жатыр, оның 215-і - бала. Реанимация бөлімшелерінде –281 адам, ӨЖЖ аппаратына 27 науқас қосылған, инвазивті емес ӨЖЖ-да – 121, High flow-да 98 аппарат жұмыс істейді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...