Алматыда коронавируспен күреске арнайы шот ашылды

19 Наурыз 2020, 18:35
2128
Бөлісу:
Алматыда коронавируспен күреске арнайы шот ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров онлайн брифинг барысында партияның COVID-19 індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шарасына қосқан үлесі туралы баяндады.

Брифинг барысында ол қала әкімдігі халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында барлық ресурстарды жұмылдырғанын айта келе, Nur Otan партиясы барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге жеңетінін мәлімдеді.

Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды, – деді Станислав Канкуров. 

Сондай-ақ, партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері де өздерінің біркүндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдаған.

Сөз арасында ол қала әкімдігінің қолдауымен Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы "Жаңа Алатау" қорымен бірлесіп, арнайы шоттың ашылғанын хабарлады. 

Бұл шотқа туындаған жағдайға бейжай қарай алмайтын барлық қарапайым азаматтар да қаражат аудара алады. Бұл қаражатқа медициналық бетперделер, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен Jas Otan-ның еріктілері халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына, атап айтқанда, ардагерлер, мүгедектер және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға үлестіріліп берілмек, - деді ол.

"Жаңа Алатау" Қоғамдық қоры" (Жаңа Алатау)
РНН 600300567791
БИН 080740011034
ИИК №KZ826010131000165601

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БАНКІ" АҚ
БИК HSBKKZKX
КБЕ 18 КНП 119
Телефон: 8 (727) 396-74-20
Басшы Балабеков Айдар Бүйтағалиұлы
ИИН 710315301396

Өзгелердің жаңалығы