КВИ-мен ауырғандар вакцинаның бірінші дозасын ғана алса бола ма?

7 Сәуір 2021, 17:54
1277
Бөлісу:
КВИ-мен ауырғандар вакцинаның бірінші дозасын ғана алса бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

Сұрақ қойған журналистің мәліметінше, «Спутник V» вакцинасын өндіруші коронавируспен ауырған жандар вакцинаның тек бірінші компонентін ғана алуына болатынын жариялаған. Кейбір ел мұндай тәжірибені қолданылуда.

Елде вакцина бекітілген инструкция бойынша егіледі. Бүгінгі күні елде ресейлік «Спутник V» вакцинасы мен оның Қазақстанда өндірілген нұсқасы қолданылуда. Инструкцияға сәйкес, вакцина екі дозада қолданылуы тиіс. Яғни бірінші және 21 күннен кейін егілетін екінші компонентті алу вакцинаның нұсқаулығында бекітілген. Сондықтан біз нұсқаулықты сақтайтын боламыз. Қазақстанда мұндай тәжірибе нұсқаулыққа өзгерістер енгізілмесе қолданылмайды. Егер өндіруші қандай да бір жаңа нұсқаулықты бекітетін болса, біз оны ескереміз, - деді спикер.

Ол сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиімділік үшін вакцинаның екі дозасын алу жөнінде кеңес бергендігін атап өтті.

Еске салсақ, танымал әншілердің біразы қатысқан тойдағы видеоға қатысты тексеру жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы