Коронавирус: Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;ҚР президенті Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Бұл туралы президент<span style="color: #0000ff;"> <a href="https://twitter.com/TokayevKZ/status/1240686041427664896?s=08">Twitter</a>-дегі </span>парақшасында жазды.</h4>

 19 Наурыз 2020 2020, 23:09
19 Наурыз 2020 2020, 23:09
2319

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР президенті Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын, - деп жазды Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті екенін айтты.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді, - деп жазды президент Twitter-ге.
Наверх