Бас жаңалықтар
Коронавирус: тағы 7 адамнан анықталды
25 Наурыз 2020, 09:45 557

Коронавирус: тағы 7 адамнан анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 25 наурыздағы 09:40 сағаттағы жағдайға сәйкес, вирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, оның ішінде: Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 79 науқас тіркелді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...