Коронавирус. Су тасқыны бойынша жерасты суларын зерттеу кейінге қалды

24 Наурыз 2020, 16:40
2179
Бөлісу:
Коронавирус. Су тасқыны бойынша жерасты суларын зерттеу кейінге қалды
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Көктем сайын су астында қалатын Екінші Павлодар шағын ауданның проблемалары шетелдік сарапшылардың назарына да ілікті. Дегенмен, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл сапар кейінге қалдырылды.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, мамандар тобынан кеңес алу көзделген. Олар наурыз айында Германиядан ұшып келу керек болатын.

Бұл соңғы жеті-сегіз жылда жауыр болған мәселе екені жасырын емес. Жерасты суларының көтерілуінің бірнеше себебі бар. Атап айқтанда, кәріз жүйесі мен су құбырларының мәселелері бар. Екінші Павлодар шағын ауданының проблемасын шешу мақсатында кәріз жүйесінің жобасы әзірленіп, оны жүзеге асыруға 500 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта аудан тұрғындарына су сору қызметі тегін көрсетіледі. Бүгінде кәріз жүйесінің келесі кезеңін салу бойынша техникалық-эконмоикалық негіздеме жасалып жатыр. Тағы бір қадам - көлденеңді дренаж жүйесінің құрылысы. Жоба жазға қарай әзірленіп, қаржы бөлу жағы қарастырылады, - дейді Сұңғат Есімханова.

Шағын аудан тұрғындарының айтуынша, бүгінгі таңда жерасты суларының көтерлігенін жертөлелер мен жерқоймадан арқылы байқауға болады. Тұрғындар қысқа азық деп сақтаған өнімдерді шығаруға мәжбүр.

кейн1.PNG

Бірінші жылы жерасты сулары 250 үйдің ауласына көтеріліп, баспаналардың қабырғаларын сөге бастады. Енді бұл мәселе 3000-ға жуық тұрғынды алаңдатып отыр, - дейді олар.

Орталықтандырылған кәріз жүйесін тартып жатқан мердігерлердің айтуынша, қазу жұмыстары барысында қиындықтар туындаған.

Құбыр бес метрлік тереңдікте орналасу керек. Бірақ, 1,5 метрлік тереңдіктің өзінде су көтеріле береді. Жұмысымызға кедергі келтіріп отыр. қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанды наурыз айында қолданысқа береміз, - дейді мердігер ұйым өкілі Жанат Ысқақов.

Мәселені түбегейлі шешуге кедергі тағы бір жайт, аумақтағы жекеменшік коммуникация жүйелерінің болуы. Бұл инфрақұрылым арқылы үлкен көлемде су өтеді. Мамандардың айтуынша, бүгінде бұл құбырлардың жекеменшік иелері іздестіріліп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы