Коронавирус: Елордада тағы бір адам тіркелді 

24 Наурыз 2020, 12:04
1913
Бөлісу:
Коронавирус: Елордада тағы бір адам тіркелді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 68 адамға жетті, деп хабарлады ҚР ДСМ.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 12:00 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. 

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 68 науқас тіркелді, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы