Коронавирус: Чилиде вирустан екі адам көз жұмды

5 Наурыз 2020, 16:07
2355
Бөлісу:
Коронавирус: Чилиде вирустан екі адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті дәрігерлер науқастар ауруды оңай өткізіп жатыр және ешқандай қауіп жоқ деп сендіріп отыр.

Чили дәрігерлері Сантьягода COVID-19 жұқтырған жағдайды растады. Бұл туралы 4 наурызда республиканың Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Астаналық округтің 56 жастағы тұрғыны Еуропаның бірнеше еліне барған, оның ішінде Италияны да аралаған, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызбай, үйіне жіберген. Себебі, оның сырқатын жеңіл формада деп таныған.

Осымен бұл Чилиде коронавирус жұқтырған үшінші жағдай болып отыр. Бұған дейін, ел президенті Себастьян Пиньера Сингапурдан келген 33 жастағы дәрігерден анықталғанын хабарлаған болатын. Дәрігер – Талька қаласының тұрғыны. Содан соң дәрігермен бірге Сингапурға барған жұбайында да коронавирус анықталды.

Өзгелердің жаңалығы