Коронавирус. Бас санитар қаулыға өзгеріс енгізді

27 Наурыз 2020, 15:42
2565
Бөлісу:
Коронавирус. Бас санитар қаулыға өзгеріс енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Қаулы қабылдады.

Аталған қаулы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысында:

1-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"1) Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер ресми делегацияларының және халықаралық ұйымдардың мүшелерін; дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялардың ұшқыштарын және локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы елдерден келген адамдарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, 14 күнге карантинді;

2) Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер ресми делегацияларының және халықаралық ұйымдардың мүшелерін; дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялардың ұшқыштарын және локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігімен және автоөткізгіштердегі өткізу пункттері арқылы келген адамдарды қоспағанда, осы қаулыға  1-қосымшаға сәйкес 1б санаттағы елдерден келген адамдарды кейіннен 13 тәулік бойы үйде оқшаулай (үйдегі карантинді) отырып, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 1 тәулікке оқшаулауды қамтамасыз етсін. Үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады;

3) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады;

1а) және 1б) санаттағы елдерден келген авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігімен және автоөткізгіштердегі өткізу пункттері арқылы келген адамдар 14 тәулік бойы үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады;".

2) 9-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: 

"9) 6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыруды; 

10) 65 жастан үлкен азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың қозғалысын шектеуді;  

11) әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың ғимаратына шығарып салушы және күтіп алушы адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз етсін".

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының  

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                А. Есмағамбетова


Өзгелердің жаңалығы