Коронавирус: Алматыда тағы бір жағдай анықталды

22 Наурыз 2020, 21:35
4227
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда тағы бір жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тағы да коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналында.

Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, 22 наурыз, сағат 21:30-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 59 адамға  жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 24, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы