Коронавирус: Алматы қаласында 2 адам емделіп шықты

6 Сәуір 2020, 09:49
1142
Бөлісу:
Коронавирус: Алматы қаласында 2 адам емделіп шықты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Алматы қаласында 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Жазылып шыққандар 1997 және 1998 жылғы қыз балалар. Олардың бірі 15 наурызда Стамбұл ‒ Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. 
Қазіргі таңда қалада коронавирус індетін жұқтырған 116 жағдай тіркелген. Жаңадан тіркелген алты жағдайдың бәрі ауырғандармен байланыста болғандар. Қаланың жұқпалы аурулар емханасында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 96 науқас бар, оның бірі Алматы облысының тұрғыны. 79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 2 адамның халі ауыр, - делінген хабарламада.

Провизорлық орталықта 521 адам карантинде жатыр, олардың 79-ы бала. Екі күндік карантинге 390 азамат жабылған, ал үй карантинінде 4805 адам жатыр.

Бүгінде Нұр-Сұлтаннан 23, Алматы қаласынан 21 кісі қауіпті індеттен айығып шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 44-ке жетті.
Өзгелердің жаңалығы