COVID-19: Бір тәулікте 82 мың адам індет жұқтырды

6 Сәуір 2020, 09:41
2010
Бөлісу:
COVID-19:  Бір тәулікте 82 мың адам індет жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәуліктің ішінде әлемде 82 061 адам коронавирус жұқтырған, ал 5798 адам қайтыс болған. Бұл туралы ДСҰ мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 1 133 758 адамға жеткен. Ал пандемиядан көз жұмғандардың саны  62 747.

Ұйымның хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі Еуропада – 621 407 адам. 

Сонымен қатар ДСҰ COVID-19 инфекциясының айқын белгілерін атап көреткен. Бұл - дененің қатты қалтырауы және дене қызуы 38 градустан жоғары болу. Коронавирус инфекциясы анықталғандардың 90 пайызында осы белгілер анық байқалған. 



Өзгелердің жаңалығы