Бас жаңалықтар
Қорғалжында орта ғасырларға тиесілі бірегей жәдігер табылды
08 Тамыз 2021, 12:44 4013

Қорғалжында орта ғасырларға тиесілі бірегей жәдігер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ақмола облысына қарайтын Қорғалжын елді мекеніндегі Бытығай ескерткіші маңындағы археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде орта ғасырларға тиесілі Қазақстан және Орта Азия тарихы үшін жаңа әрі тың жаңалыққа қол жеткізді. 

Бұл туралы Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға инспекторы Қажымұрат Төлегенұлы facebook-тегі парақшасында жазды.

Бұл бір жағынан еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі қала мәдениетінің үлкен көрінісі. Суреттегі құмыраның белдеуінен төмен қою сұйықтық құйылған әрі жақсы сақталған және беті арнайы жабылған. Осыған ұқсас жәдігер қазақ жеріне әлі табыла қоймаған дейді ғалымдар. Шеберхана орнынан үш үлкен тас үгітуге арналған диірмен тастар, кірпішпен қаланған науаның орыны, өрнектерген резба кірпіштердің қалдықтары, үш үлкен пештің орны және күлдің қалдықтары, қоладан жасалған бұйымның қалдығы, глазурленген кірпіштер және т.б. табылды. Алдағы уақытта табылған қалдықтар және сұйықтықтың құрамын анықтау мақсатында зертханаларға жіберілу көзделіп отыр, - деді ол.

Ол үш жылға созылған жоба аясында әлі көптеген жаңалық болады деп үміттенетінін жеткізді.

Жоба аясында қазылған шеберхана аумағында консервация жұмыстары жүргізу көзделген. Қазба жұмыстарына Қорғалжың әкімшілігі тарапынан еріктілер жұмылдырылды және басқада жан-жақты қолдаулар көрсетілді. Үлкен алғысымызды білдіреміз, - деді Төлегенұлы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...