Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта көбейе бастаған

9 Мамыр 2020, 23:16
2908
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта көбейе бастаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сеул билігі коронавирус жұққандар саны қайта көбейе бастаған соң қала орталығындағы клубтар мен барларды жапты. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Сәуір айының соңында Оңтүстік Кореяда карантин шаралары жұмсарған болатын, алайда қалада індет қайта тарай бастаған.

Сенбі, 9 мамырда Оңтүстік Кореяда 18 адамнан коронавирус табылған. Билік өкілдерінің айтуынша, Сеулдегі түнгі клубқа барған 17 адамнан вирус анықталған. Бұл түнгі клубта 1,5 мың адам болған.

Оңтүстік Корея - коронавирус індеті тараған әлемдегі алғашқы елдердің бірі. 51,6 млн халқы бар елде 10 822 адамнан коронавирус табылған, 256 адам қайтыс болған.

9 мамыр күнгі ақпарат бойынша, әлемде 4 миллионға жуық адамнан коронавирус табылған.

Өзгелердің жаңалығы