Мұнай компанияларына қойылатын талаптар оңтайландырылады

18 Қыркүйек 2020, 22:43
1562
Бөлісу:
Мұнай компанияларына қойылатын талаптар оңтайландырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігі «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін, мұнай-химия өндірістерін жобалауға және пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» министр бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба біліктілік талаптарындағы мәліметтер нысанын «Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 291 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрықпен бизнеске жүктемені азайту мақсатында кейбір талаптар алып тасталды. Сонымен, келесі кіші қызмет түрлеріне қойылатын талап алып тасталды:

1) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру – құбырлардың болуы туралы, өйткені негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың болуы жеткілікті деп санаймыз;

2) көмірсутектер кен орындарындағы кәсіпшілік зерттеулер мен геофизикалық жұмыстар – екі және одан да көп ұңғымалық аспаптардың болуы туралы, өйткені практика осы кіші қызмет түрін орындау үшін бір аспаптан жеткілікті екенін көрсетті;

3) көмірсутектер кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу – цемент тасығыштың болуы туралы, себебі цемент көбінесе зауыт қаптамасында құрғақ түрінде әкелінеді;

4) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту – жұмыс сұйықтығын дайындау, айналымы және тазарту торабының болуын артық талап ретінде алып тастау.

Осыған байланысты, Жобада біліктілік талаптарындағы мәліметтер нысанын Бұйрыққа сәйкес келтіру ұсынылады.

Жоба 2020 жылғы 16 қыркүйекте сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырған.

Өзгелердің жаңалығы