Көмірдің бағасы қанша теңге болды

14 Қыркүйек 2021, 11:37
5709
Бөлісу:
Көмірдің бағасы қанша теңге болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов көмірдің бағасы қанша теңгені құрайтынын айтты.

Көмір бағасы нарықтық қатынастарда қалыптасады. Ол мемлекет тарапынан реттелмейді, - деді ол.

Министр әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің бағасына тоқталды.

Өңірлердегі көмірдің құны тоннасы 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты болады. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талаптар бөлігінде ұсыныстар әзірледі, - деді министр.

Көмірдің бағасы қанша теңге болды

Айтуынша, ұсыныстар негізінде әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады. Олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады. Сондай-ақ көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады.

Ол дебюторлық берешекке қатысты мәселеге тоқталды.

Биыл қыркүйекте тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды. 4 өңірде ең көп берешек бар.

Олар – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалалары және Қызылорда облысы.

Өзгелердің жаңалығы