Қарағандыда көмірді онлайн сату іске қосылды

11 Қыркүйек 2019, 22:48
2692
Бөлісу:
Қарағандыда көмірді онлайн сату іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында көмір нарығындағы дүрлігуге жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар жасалуда. Билік күнделікті режимде жағдайды қадағалап отыр. Сатып алушылардың ыңғайлылығы үшін өңірде көмір жеткізу жөніндегі call-орталық ашылды және сайтта өтінімдерді алыстан қабылдау ұйымдастырылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров көмір сату бекеттерінің жұмысын тексеріп қайтты.

"Қазір көмір маусымының қызу кезеңі басталды. Біз жаздан бастап халықты отынды алдын ала сатып алуға шақырдық. Ұсыныстар жеткілікті болуы үшін жеткізушілермен жұмыс істедік. Өткен жылы бұл тәжірибе сәтті жүзеге асырылды. Алайда, біз шілде мен тамыз айларында өткен жылға қарағанда аз көмір сатып алынғанын көрдік. Мүмкін, бұл жаздың ыстық болуымен байласты болар", - деп атап өтті ол.

Көмір алуға ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін онлайн-жеткізу қызметі арқылы көмірді сатып алу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Әкім орынбасары жаңа қызмет туралы айтып берді.

7543.kz сайтында Шұбаркөл көмірін сатып алуға онлайн тапсырыс жасауға болады. Сондай-ақ, 7543 нөмірімен облыстың барлық тұрғындары үшін қолжетімді call-орталық жұмыс істейді.

Онлайн-тапсырыс бойынша көмірдің бір тоннасы 10 100 теңгені құрайды. Жеткізу төлемі мекенжайға байланысты 5 000 теңгеден басталады.

"Біз көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда бұл ең арзан баға. Бұған қоса, көмірдің сапалы боуының кепілі болып табылады. Жеткізу кезінде банк картасы арқылы немесе қолма-қол ақшамен төлеуге болады", - деп атап өтті Алмас Айдаров.

Биылғы жылы облыста 37 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отыр, бұл өткен жылдың нәтижесінен 2 млн тоннаға артық. Жалпы көлемнің 4,5 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық көмірге тиесілі, ал 1,3 млн тоннаны қарағандылықтар тұтынады.

Яғни көмір жеткілікті. Мониторинг мәліметтері бойынша, жеткізу негізінен күнбе-күн, кейбір жағдайларда ары кетсе екі тәулікке созылады. Сатып алушылардың қалауы бойынша нақты бір белгіленген күні жеткізуге тапсырыс беруге болады.

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды жаңа сервисті пайдалануға шақырды.

Оның айтуынша, Қарағандының ең ірі пунктінде күніне 120-130 машина жөнелтіледі. Облыс орталығында қосымша Пришахтинск шағын ауданында, Верещагин көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша көмір сату нүктесі ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында көмір сату нүктелерінің интерактивті картасы бар (karaganda-region.gov.kz/ru/news/id/27298). Оның көмегімен пайдаланушылар ең жақын нүктені оңай анықтай алады, сонымен қатар тұтынушылар қатты отынның сатылымда болуы мен құны туралы айтып беретін телефон нөмірлерін біле алады.

Көмірмен байланысты сұрақтар мен шағымдар бойынша облыстық call-орталыққа +7(7212) - 42-10-88 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы