Жыл соңына дейін "Комфорт de luxe" тұрғын үй кешені тапсырылады

22 Қазан 2019, 22:36
1818
Бөлісу:
Жыл соңына дейін "Комфорт de luxe" тұрғын үй кешені тапсырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс объектісіне тағы барды. "Комфорт de luxe" тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің саны 200-ден астам адамды құрайды.

Шатырды жөндеу, ғимараттың қасбеті, пәтерлердің ішкі әрлеуі бойынша жұмыстар аяқталды. Инженерлік желілер салынды. Үйлерді инженерлік желілерге қосу мен аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтау қалды. 

Үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Елордада барлығы 51 проблемалық нысан бар (76 үй). Жыл соңына дейін 10 үй пайдалануға беріледі.


Өзгелердің жаңалығы