Көлгінов ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған аналармен кездесті

23 Қаңтар 2020, 18:22
1343
Бөлісу:
Көлгінов ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған аналармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған аналармен кездесті. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды.

Бүгін ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған аналармен кездестім. Кездесуде медициналық көмек көрсету, онлайн білім беру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Орталық атқарушы органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасы мүшелерімен кездесуді ұйымдастыру қарастырылды. Ол жерде өзекті әлеуметтік мәселелер талқыланады, - деп жазды Алтай Көлгінов.  



Өзгелердің жаңалығы