Көлгінов: 2022 жылдан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі
31 Қазан 2021, 17:24 24510

Көлгінов: 2022 жылдан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Олар ерекше қажеттілігі бар жандарға, егде жастағы тұрғындарға, әлеуметтік аз қамтылған адамдарға және көмекке, сол сияқты қамқорлық пен мейірімділікке мұқтаж адамдарға көмектеседі. Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөледі. Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Өз тарапымыздан бұл бағытқа қолдау шараларын одан әрі кеңейтуді жалғастырамыз: оңалту орталықтарының санын ұлғайту, әлеуметтік орталықтардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, жұмыс орындарын құру және т.б. Мысалға, келесі жылы тағы бір оңалту орталығының құрылысын жоспарлап отырмыз. Бұл ерекше қажеттілігі бар жандарды оңалтумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өсті. Енді 2022 жылдан бастап 25%-ға, 2023 жылдан бастап тағы 25%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі өте маңызды. Олар қала тұрғындарына көмектесіп қана қоймай, тағдыры қиын жандардың мұңын тыңдап, барынша қолдау көрсетеді. Әлеуметтік сала қызметкерлерін қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын! Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен табыс тілеймін! – деп жазды Алтай Көлгінов.


Фото: дереккөз
Загрузка...