Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 400 мың тонна дизель отыны бөлінді

11 Мамыр 2022, 13:30
1375
Бөлісу:
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 400 мың тонна дизель отыны бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 400 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) атына 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. Іс жүзінде 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында 231 мың тонна жеткізілді, - деп хабарлады ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов 2022 жылғы 11 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде.

МӨЗ-де көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы  1 тоннасы үшін 212 мың теңге (литріне 176 теңге). Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, АШТӨ үшін баға бөлшек сауда бағасынан (230-260 теңге/литр) орта есеппен 15-30%-ға төмен.

Сондай-ақ, вице-министр фермерлер мен ресурс ұстаушылар (зауыттағы жеткізушілер) арасында дизель отынын сатып алуға «тікелей» шарттар жасасу мүмкіндігін атап өтті немесе фермерлер өзара бірігіп, дала жұмыстары үшін мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі операторды өз бетінше таңдай алады. Бұл үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АШТӨ-ге дизель отынының көлемін тікелей бөлу мәселесін келесі жолдармен:

- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, ЖЖМ қажеттілігін көрсете отырып, аумақтар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;

- отынды бөлу үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу арқылы пысықтайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы