Қоғамдағы мұғалім мәртебесін қалыптастыратын уақыт жетті – депутат

19 Мамыр 2021, 09:40
1321
Бөлісу:
Қоғамдағы мұғалім мәртебесін қалыптастыратын уақыт жетті – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламент депутаты, саясаттанушы Ерлан Сайыров қоғамдағы мұғалім мәртебесі туралы ойын айтты.

Біздің бала кезімізде мұғалімнің қадір-қасиеті ерекше болды. Мектеп директоры дегеніміз моральдық шоқтығы биік тұлға еді. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның оқушылардың алдындағы авторитеті өте жоғары болды. Осы тенденцияны сол кездегі ата-ана институты қолдап, қолпаштап отырды.

Бүгіндегі «мұғалімдердің қоғамдағы орны қандай?» деген сұрақ маңызды, сапалы ұлт болып дамимыз десек, мұғалімдердің елдегі, қоғамдағы, оқушылар алдындағы моральдық, рухани ролін арттыру қажет - деді депутат.

Мемлекет шама-шарқы жеткенше мұғалімдердің жалақысын арттырып жатыр, мектептердің материалдық жағдайын түзеуге де көңіл бөлінуде.

Бірақ ең негізгі аспект, мұғалімдердің оқушы алдындағы беделі. Мұғалімнің беделін арттырып, өсіру үшін мелмекеттің күш-жігері жеткіліксіз. Қоғам, азаматтар, ата-ана институттары бірігіп тер төгіп, еңбек етуі тиіс - дейді Ерлан Сайыров.

Мұғалімдердің рухани, моральдық келбеті де өзгеруі тиіс. 

Ұстаздыққа қоғамның бетке ұстар азаматтары бет бұруы керек. Менің ойымша, келешек ұрпақтың бет-бейнесін жасайтын ұстаздар институтын жаңғыртып, олардың қоғамдағы ролін арттырып, оқушыларға мұғалімді сыйлау ең басты міндет екендігін түсіндіріп, осы мәселеге  жалпы халық болып көңіл бөлетін уақыт жетті. Бұл қоғам, азаматтар, ата-аналардың бірегей міндеті - деді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы